Аккаунтты және дербес деректерді жою
Соңғы жаңартылған: 2026 жылғы 15 тамыз
Бұл парақ «Sooncar» мобильді қосымшасының пайдаланушыларына аккаунтын және онымен байланысты дербес деректерін жоюға сұрау салу тәртібін түсіндіреді. Қосымшаны орнатудың немесе қайта орнатудың қажеті жоқ.
Аккаунтты жою қайтымсыз. Жойылған соң сапарлар тарихы мен аккаунт баптаулары қалпына келтірілмейді.
1. Сұрау салуды қалай жіберу керек
- Төмендегі батырманы басыңыз немесе sooncar.kz@gmail.com мекенжайына хат жазыңыз.
- Хатта тіркеу кезінде пайдаланылған телефон нөмірін көрсетіңіз — аккаунт сол нөмір бойынша табылады.
- Аты-жөніңізді жазыңыз.
- Аккаунт иесі екеніңізді растау үшін біз сол нөмірге хабарласуымыз мүмкін.
Жою туралы сұрау жіберу
Батырма пошта қосымшасын дайын үлгімен ашады.
2. Қандай деректер жойылады
- аты-жөні, туған күні, жынысы;
- телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
- орналасқан жері (қала) және сапарлардың GPS деректері;
- сапарлар мен тапсырыстар тарихы;
- көлік құралы туралы деректер (мемлекеттік нөмір, марка, модель, шығарылған жылы, түсі);
- жеке басты куәландыратын құжат пен жүргізуші куәлігінің көшірмелері;
- құрылғы идентификаторлары мен қосымшаны пайдалану журналдары;
- аккаунт баптаулары.
3. Қандай деректер сақталады және қанша уақыт
Заңнама талап еткен немесе заңды мүддені қорғау қажет болған жағдайларда деректердің бір бөлігі бірден жойылмайды:
- бухгалтерлік және салықтық құжаттар — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде;
- шешілмеген дау немесе өтелмеген берешек болса — ол реттелгенге дейін;
- алаяқтықтың алдын алу және пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұғатталған аккаунт туралы шектеулі мәлімет;
- иесіздендірілген статистикалық деректер — олар бойынша нақты тұлғаны анықтау мүмкін емес.
Аталған негіздер жойылған соң бұл деректер де жойылады.
4. Мерзімдер
Сұрау салу алынған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жауап беріп, аккаунтты жоямыз. Егер өтелмеген берешек не шешілмеген дау болса, жою ол реттелгенге дейін кейінге қалдырылады — бұл туралы сізге хабарлаймыз.
5. Байланыс
«Metanoia» ЖШС, БСН 171140018309, Қазақстан Республикасы.
Электрондық пошта: sooncar.kz@gmail.com · WhatsApp: +7 776 116-66-00 (10:00–18:00).
Дербес деректерді өңдеу туралы толық ақпарат Құпиялылық саясатында берілген.
Удаление аккаунта и персональных данных
Последнее обновление: 15 августа 2026 г.
Эта страница объясняет пользователям мобильного приложения «Sooncar», как запросить удаление аккаунта и связанных с ним персональных данных. Устанавливать или переустанавливать приложение для этого не нужно.
Удаление аккаунта необратимо. После удаления история поездок и настройки аккаунта не восстанавливаются.
1. Как отправить запрос
- Нажмите кнопку ниже или напишите письмо на адрес sooncar.kz@gmail.com.
- Укажите в письме номер телефона, использованный при регистрации — аккаунт находится по этому номеру.
- Укажите фамилию, имя и отчество.
- Мы можем связаться с вами по этому номеру, чтобы подтвердить, что вы владелец аккаунта.
Отправить запрос на удаление
Кнопка откроет почтовое приложение с готовым шаблоном письма.
2. Какие данные удаляются
- фамилия, имя, отчество, дата рождения, пол;
- номер телефона и адрес электронной почты;
- местоположение (город) и GPS-данные поездок;
- история поездок и заказов;
- данные о транспортном средстве (государственный номер, марка, модель, год выпуска, цвет);
- копии документа, удостоверяющего личность, и водительского удостоверения;
- идентификаторы устройства и журналы использования приложения;
- настройки аккаунта.
3. Какие данные сохраняются и на какой срок
В случаях, когда этого требует законодательство или защита законных интересов, часть данных удаляется не сразу:
- бухгалтерские и налоговые документы — в течение срока, установленного законодательством Республики Казахстан;
- при наличии неурегулированного спора или непогашенной задолженности — до их урегулирования;
- ограниченные сведения о заблокированном аккаунте — для предотвращения мошенничества и обеспечения безопасности пользователей;
- обезличенные статистические данные — по ним невозможно определить конкретное лицо.
После того как эти основания отпадают, указанные данные также удаляются.
4. Сроки
Мы отвечаем на запрос и удаляем аккаунт в течение 30 календарных дней с момента его получения. При наличии непогашенной задолженности или неурегулированного спора удаление откладывается до их урегулирования — мы сообщим вам об этом.
5. Контакты
ТОО «Metanoia», БИН 171140018309, Республика Казахстан.
Эл. почта: sooncar.kz@gmail.com · WhatsApp: +7 776 116-66-00 (10:00–18:00).
Полная информация об обработке персональных данных — в Политике конфиденциальности.